2023 жылдың 17 маусымында «Түркістан БГҚ» ЖШС, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты және Шымкент қаласының білім бөлімі арасында үш жақты меморандумға қол қойылып, тараптар облыс экономикасы үшін техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауда ынтымақтастыққа ниетті екендіктерін білдірді және еңбек нарығына да үлес қоспақ.
Сондай-ақ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен және Ленгір қаласының №8 колледжімен меморандум жасадық. Бұл оқу орындарының болашақ энергетика және құрылыс саласының мамандарын даярлауда алатын орны зор.
Мақсатымыз – жұмыс орындарын ашу ғана емес, өңірдің дамуына үлес қосатын жоғары білікті мамандарды даярлау. Сондықтан болашақ электрстансамызда студенттерді практикалық және дуальды оқытуды қамтамасыз етуді көздеп отырмыз.
Бұл студенттер алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады және олардың болашақ мансабына да көмектесетін құнды тәжірибе алады дегенді білдіреді. «Түркістан БГҚ» ЖШС-нің облыстық оқу орындарымен серіктестігі студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға және электрстансасының болашақ кадрлық ресурстарын құруға бағытталған.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)