Ұлан Отаралыұлы Қ.Сәтбаева атындағы ҚазҰТУ түлегі және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондондағы Империал колледжінің мұнай инженерия ғылымдары магистрі.
Оның мұнай-газ саласындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Осы жылдар ішінде активтерді басқару, ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірістік процестерді цифрландыру бағыттарында мол тәжірибе жинақтаған. Еңбек жолын Қожасай кен орнында өндіру операторы болып бастап, саланың қыр-сырын өндірістің өз ішінен меңгерген. Әр жылдары KPO B.V., Kuwait Energy Company (Кувейт), Statoil (Норвегия), Shell (Нидерланды мен Қазақстан) сынды халықаралық энергетикалық компанияларда басшылық әрі жауапты қызметтер атқарды.
Бүгінге дейін Ұлан Бүркітов «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ «QazaqGaz Барлау және өндіру» ЖШС Басқарма төрағасы қызметін қоса атқарған.
«Түркістан БГҚ» ЖШС Түркістан облысында қуаты 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы базасында электр станциясын салу жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба өңірдегі электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты өтеуге, елдің оңтүстігін энергиямен қамту сенімділігін арттыруға бағытталған. Бұл – өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтетін, генерация қуаттарының тапшылығын азайтатын стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық нысан.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)