«Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов Integra Construction KZ компаниясының Бас директоры Данияр Рахимтаевпен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Түркістан облысында бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасындағы электр станциясын салу жобасының іске асырылу барысын талқылады. Негізгі тақырып – жобаның сыни жолы (critical path): жобаның орындалуына тікелей әсер ететін жұмыстар мен бақылау нүктелері.
Ұлан Бүркітов бүгінгі басым бағыт – алғашқы газ турбинасын белгіленген мерзімде іске қосу екенін атап өтті. Қазіргі кезеңде барлық ресурстар сыни жолдағы жұмыстарды орындауға және оларды бекітілген кестемен синхрондауға жұмылдырылған.
Өз кезегінде Integra Construction KZ компаниясының Бас директоры Данияр Рахимтаев компания жұмыстарды мерзімдерге сәйкес аяқтау үшін барлық қажетті күш-жігерін салатынын, сондай-ақ жұмыстарды үйлестіру мақсатында құрылыстың өзге қатысушыларымен, соның ішінде электр беру желілерін (ЭБЖ) салу жөніндегі мердігерлермен және жабдық өндіруші зауыттармен кестелерді сәйкестендіретінін айтты.
Айта кетейік, Integra Construction KZ компаниясы Doosan Enerbility компаниясымен бірлесіп Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын БГҚ базасындағы электр станциясын салу жобасын іске асыратын Бас мердігер консорциумының құрамына кіреді.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)