Түркістан облысында салынып жатқан қуаты 1000 МВт бу-газ электр станциясының құрылыс алаңында диаметрі 159 мм алаңішілік газ құбырының бір бөлігі сынақтан сәтті өтті. Қазір диаметрі 426 мм газ құбырын сынауға дайындық жүргізілуде.
Жұмыс барысы «Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітовтің жетекшілігімен өткен кезекті өндірістік кеңесте тексерілді. Аралау жұмыстарына «Integra Construction KZ» ЖШС БГҚ құрылысы жөніндегі дирекциясының атқарушы директоры Ақан Әшірбеков және Doosan Enerbility өкілдері қатысты.
Газ дайындау пунктінде қатысушыларға сынақ нәтижелері мен келесі кезеңдерге дайындық барысы баяндалды. Сондай-ақ дайындалған табиғи газ станцияның газ турбиналарына жеткізілетін газ құбырының бағыты қаралды.
Бас корпуста металл конструкцияларын монтаждау және бояу, сэндвич-панельдерді орнату және электр монтаждау жұмыстары жалғасуда. Бүгінге дейін 5 548 м² сэндвич-панель орнатылды. Станцияда 408 998 метр кабель төселді. Күштік және бақылау желілері мен автоматика кабельдерін монтаждау жалғасуда.
Бірінші энергоблоктың электр қалқан бөлмесінде электрмен жабдықтау және басқару жүйелері бойынша жұмыстардың барысы тексерілді. Сондай-ақ шикі су резервуарлары, су дайындау қондырғысы және станцияның өз қажеттіліктеріне арналған салынып жатқан қазандық қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша станцияның технологиялық жүйелерін іске қосу-баптау жұмыстарына кезең-кезеңімен дайындау үшін құрылыс-монтаждау және электр монтаждау жұмыстарын өзара үйлестіру туралы шешім қабылданды.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)