«Мүдделер қақтығысы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Корпоративтік этика» секілді ұғымдар және осы тақырыптарға қатысты өзекті мәселелер жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерге арналған семинар барысында БГҚ Түркістан ЖШС комплаенс-офицері Жанат Жақсылықова тарапынан түсіндірілді.
Компанияның жаңа қызметкерлерін еңбек қауіпсіздігі мен жұмыс орны бойынша стандартты нұсқамадан бөлек, арнайы комплаенс оқыту курсынан өтеді.
Сонымен қатар, Серіктестіктің барлық қызметкерлері Documentolog Academy онлайн-мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негіздері. ҚР заңнамасының талаптары» тақырыбында оқытылып, тестілеуден өтті.
«Этика мен комплаенс талаптарын сақтау – БГҚ Түркістан ЖШС-де жұмыс істейтін немесе оның атынан әрекет ететін әрбір адамның тікелей жауапкершілігі. Біздің мақсатымыз – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілікті арттыру», – деп атап өтті комплаенс-офицер Жанат Жақсылықова.
Айта кету керек, компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында қызметкерлерді ақпараттандыру және оқыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Комплаенс-офицер Қазақстан мен әлемдегі оқиғаларға сүйене отырып шолулар жасап, қызметкерлердің теориялық білімін тестілеу арқылы тексеріп отырады. Бұл олардың сыбайлас жемқорлық туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етеді.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)