«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов Түркістан облысы Сайрам ауданында орналасқан «БГҚ Түркістан» ЖШС құрылыc алаңына барып, электр станциясының салыну барысымен танысты.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда және 2035 жылға дейінгі электр энергетикасын дамыту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
«БГҚ Түркістан» ЖШС Басқарма төрағасы Куаныш Бектемiров «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығына жобаның қазіргі кезеңдері, құрылыс-монтаж жұмыстарының жүруі, технологиялық жабдықтарды жеткізу мен инженерлік желілерді дайындау барысы туралы баяндады. Жиын барысында жобаның негізгі серіктесі әрі бас мердігері Doosan Enerbility компаниясының өкілдерімен жабдықтардың логистикасы, құрылыс пен монтаж процестерін үйлестіру, сапаны бақылау және халықаралық стандарттарды сақтау мәселелері талқыланды.
Бу-газ қондырғысы аралас циклде жұмыс істейтін болады: жаңа буын газ турбиналары мен пайдаланылған газдардың жылуын қосымша электр энергиясын өндіруге пайдаланатын бу турбиналары біріктіріледі. Бұл тәсіл жоғары тиімділікті қамтамасыз етіп, отын шығынын азайтады және қоршаған ортаға әсерін төмендетеді.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы бұл жобаның Қазақстанның оңтүстігіндегі энергетикалық қауіпсіздік үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтіп, өңірді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізді.Мәулен Айманбетов серіктестермен үйлесімді жұмыстың, инженерлік жұмыстарды уақытылы аяқтаудың және әр кезеңде жоғары сапаны қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, «БГҚ Түркістан» ЖШС жалғыз акционердің шешімімен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ сенімгерлік басқаруына берілген.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)