«Түркістан БГҚ» компаниясында экологиялық іс-шаралар жалғасуда. Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бекітілген күнтізбелік жоспар аясында бұрын қоқыс үйінділері табылған құрылыс алаңынан тыс аумақ тазартылды.
Ауқымды тазарту жұмыстары Doosan Enerbility серіктестерімен бірлесіп атқарылды. 30-ға жуық жұмысшы тазарту барысында 11 текше метрге жуық қалдық жинап, шығарды.
«Түркістан БГҚ» өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментінің директоры Ринат Жұмаділовтың айтуынша, жоба қатысушыларының бірлескен іс-қимылдарының арқасында қауіпсіз және таза кеңістік негізгі құрылыс алаңының шекараларында ғана емес, одан тыс жерлерде де қалыптасуда.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)