Қажетті қарқынға шығу үшін мердігерлер консорциумы персонал санын арттырып, қосымша ауысымдар енгізеді. Жақын уақытта олар құрылыс-монтаж жұмыстарының (ҚМЖ) қарқынын күшейту жөніндегі жаңартылған кестені ұсынады.
Жеке блок ретінде уақытша сумен жабдықтау және іске қосу-баптау жұмыстары үшін су дайындау мәселелері, сондай-ақ газ турбинасын іске қосуға дайындық қаралды. Еңбекті қорғауға ерекше назар аударылды – қауіпті учаскелердегі тәуекелдерді бақылаудан бастап, персоналдың ауысымға дейін және ауысымнан кейін міндетті медициналық тексерулерінен өтуіне дейін.
«Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов өндірістік кеңес барысында жобаның жұмыс қарқынын сақтауы тиіс екенін атап өтті: «Қуаты 1000 МВт электр станциясы Түркістан өңірі үшін салынып жатыр, мұнда бүгінде электр энергиясы тапшылығы бар. Ал электр қуатынсыз тұрақты даму болмайды. Сондықтан біздің міндетіміз – команда ретінде артта қалу бар жерлерде қарқынды күшейтіп, негізгі кезеңдерді белгіленген мерзімде орындауды қамтамасыз ету».
Кездесу қорытындысы бойынша жұмыстарды жеделдету жоспары бекітіліп, қауіпсіздік пен ресурстар бойынша басымдықтар айқындалды. Қабылданған шаралардың тиімділігі және «жоспар–факт» салыстыру келесі кеңесте қаралады.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)