«KEGOC» АҚ мамандары қуаты 1000 МВт «Түркістан БГҚ» электр станциясының құрылыс алаңына барып, электротехникалық жабдықтардың іске қосу-баптау жұмыстарына және өндірілетін қуатты Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне беруге дайындығымен танысты.
Жұмыс барысын аралау «Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітовтің жетекшілігімен өтті. Оған «KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының директоры Ерлан Шалбаев, салалық мамандар және бас мердігерлер Doosan Enerbility мен Integra Construction KZ компанияларының өкілдері қатысты.
Қатысушылар №1 энергоблоктың электр қалқан бөлмесін, оперативтік басқару пунктін (ОПУ), 500 және 220 кВ ашық тарату құрылғыларын (АТҚ), бас корпусты, газтурбиналық бөлімшені және күштік трансформаторларды қарап шықты. ОПУ-да аккумулятор батареяларына, тұрақты ток қалқандарына (ЩПТ) және станцияның өз қажеттіліктерін электрмен жабдықтау қалқандарына (ЩСН) кернеу берілді.
Сапар қорытындысы бойынша KEGOC мамандары іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу кезектілігі мен станцияны магистральдық электр желілеріне қосу мерзімдеріне қатысты ұсынымдар берді. Дайындық жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)