Электр станциясына арналған бу-газ қондырғысының негізгі элементтері Германияның Гамбург портынан Қытайдың Тяньцзинь портына жеткізілді. Еуропада өндірілген бу турбинасы мен оның генераторы жолда шамамен 3 ай болды. Теңіз жолының ұзындығы шамамен 15 мың шақырымды құрайды. Портқа келген соң, жабдық қоймаға орналастырылып, Түркістан облысындағы құрылыс алаңына жөнелтуге дайындалуда.
«Электр станциямыздағы заманауи жабдықтар – қолжетімді ең үздік технологияларға (ҚҮТ) жатады және тиісінше, олардың құны жоғары. Сондықтан «Гамбург–Тяньцзинь» бағыты, яғни Африка құрлығын айналып өтетін ұзақ теңіз жолы, жүктің қауіпсіздігі үшін таңдалды. Қосымша сақтық шарасы ретінде жабдықтарға соққы датчиктері орнатылған. Бұл құрылғылар тасымалдау барысында мүмкін болатын зақымданулар туралы сигнал береді», – деп мәлімдеді «БГҚ Түркістан» ЖШС Пайдалануға дайындау жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Дарменов.
Қазіргі таңда Гамбург портында технологиялық жабдықтың келесі партиясын жөнелтуге дайындық жүріп жатыр. Өндіруші зауыттан газ турбина генераторы мен оның құрамдас бөлшектері жеткізілді. Барлық жабдық сынақтан өтіп, сақтандырылған және Қазақстанға жол жүруге дайын.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)