Шымкент қаласында «БГҚ Түркістан» ЖШС мен DOOSAN Enerbility Co., Ltd. компаниясы арасында Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы негізінде электр станциясын салу жобасы бойынша негізгі алаңға қатысты кешенді «кілт тапсыру» форматындағы жұмыстарды сатып алу туралы EPC-Келісімшартқа Қосымша келісімге қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті.
Құжатқа «БГҚ Түркістан» ЖШС Басқарма төрағасы Қуаныш Бектеміров пен Doosan Enerbility Co., Ltd. компаниясының EPC-шарттар бойынша сату бөлімінің вице-президенті Сонёл Ли (Seongyeol LEE) қол қойды.
Қосымша келісімге қол қою — электр станциясына арналған жабдықтарды кедендік рәсімдеуден өткізу, сондай-ақ газ және бу турбиналарын қоса алғанда, техникаларды уақтылы жеткізу мен орнату жұмыстарын қамтамасыз ету үшін қажет.
Жобаның Тапсырыс берушісі ретінде «БГҚ Түркістан» ЖШС және Бас мердігер әрі Консорциум жетекшісі Doosan Enerbility Co., Ltd. компаниясы электр станциясына арналған технологиялық жабдықтарды жеткізу мерзімінің кешігу қаупін азайтып, жобаның уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүдделі.
Еске салайық, қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы негізінде салынып жатқан электр станциясының негізгі мақсаты – жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр қуатының тұрақсыздығы мен теңгерімсіздігін реттеу, сондай-ақ Қазақстанның жақын шет елдерге энергетикалық тәуелділігін төмендету.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)