2025 жылғы 12 маусымда Түркістан облысының прокуратурасы ұйымдастырған «Бизнесті және инвестицияларды қорғау» форумына «БГҚ Түркістан» ЖШС өкілдері қатысты.
Форумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвесторлар үшін тұрақты және ашық жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселесі басты назарда болды. Инфрақұрылымды дамыту, жер телімдерінің қолжетімділігі, электр және газбен қамту сияқты инвестициялық жобалардың іске асырылуына тікелей әсер ететін мәселелер қаралды.
«БГҚ Түркістан» ЖШС-нің форумға қатысуы – компанияның Түркістан өңіріндегі ең ірі инвестициялық жоба — Сайрам ауданының Қарамұрт ауылында қуаттылығы 1000 МВт-қа дейін жететін бу-газ электр станциясын салу жұмыстарының заңды жалғасы болып табылады.
Қадағалаушы орган өкілдерімен кездесуде «БГҚ Түркістан» ЖШС-нің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Данияр Кан ашық әрі мазмұнды пікір алмасуға ризашылығын білдіріп, прокуратура тарапынан бизнестің мүдделерін қорғауға бағытталған қадамдардың маңыздылығын атап өтті.
Форум барысында прокуратура органдарының нақты нәтижелері атап өтілді: 32 заңсыз әкімшілік хаттама күшін жойды, 216 кәсіпкердің құқығы қорғалды, жалпы сомасы 79,7 млрд теңгеден асатын 7 инвестициялық жобаға қатысты мәселелер шешімін тапты.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес пен инвестициялық қауымдастықтың, сондай-ақ өңірлік кеңестер мен кәсіпкерлер бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)