Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]
+7 (7252) 92 17 50
+7 (7252) 92 17 50
E-mail
info@ccgt.kz
Адрес
Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
Компания
  • Компания туралы
  • Компанияның қызметі
  • Басшылық
  • Ұйымдық құрылым
  • Нормативтік-құқықтық база
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі
  • Комплаенс
Жобалар
Жаңалықтар
Бос жұмыс орындары
Сатып алу
Байланыс
kz
ru en
kz
Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
+7 (7252) 92 17 50
+7 (7252) 92 17 50
E-mail
info@ccgt.kz
Адрес
Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
kz
ru en
kz
ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]
Компания
  • Компания туралы
  • Компанияның қызметі
  • Басшылық
  • Ұйымдық құрылым
  • Нормативтік-құқықтық база
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі
  • Комплаенс
Жобалар
Жаңалықтар
Бос жұмыс орындары
Сатып алу
Байланыс
    "/>
    ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]
    Телефоны
    +7 (7252) 92 17 50
    Заказать звонок
    ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]
    • Компания
      • Компания
      • Компания туралы
      • Компанияның қызметі
      • Басшылық
      • Ұйымдық құрылым
      • Нормативтік-құқықтық база
      • Тәуекелдерді басқару жүйесі
      • Комплаенс
    • Жобалар
    • Жаңалықтар
    • Бос жұмыс орындары
    • Сатып алу
    • Байланыс
    Подать заявку
    • kz
      • Язык
      • kz
      • ru
      • en
    • +7 (7252) 92 17 50
      • Телефоны
      • +7 (7252) 92 17 50
      • Заказать звонок
    • Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
    • info@ccgt.kz
    • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

    «БГҚ Түркістан» ЖШС инженерлері 500 кВ «Шымкент» қосалқы станциясында болды

    «БГҚ Түркістан» ЖШС инженерлері 500 кВ «Шымкент» қосалқы станциясында болды
    25.08.2025
    «БГҚ Түркістан» ЖШС инженерлері «KEGOC» АҚ-ның «Оңтүстік МЭС» филиалына қарасты 500 кВ «Шымкент» қосалқы станциясына танысу сапарларын жүзеге асыруда. Қосалқы станция өңірлерге электр энергиясын таратып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстанды Өзбекстан және Қырғызстанмен байланыстыратын 500 кВ әуе электр желілері арқылы мемлекетаралық транзитті қамтамасыз етеді. Оның аумағында әрқайсысының қуаты 500 МВт болатын 500/220 кВ екі автотрансформаторлық топ орналасқан.»

    «БГҚ Түркістан» ЖШС инженерлері «KEGOC» АҚ-ның «Оңтүстік МЭС» филиалына қарасты 500 кВ «Шымкент» қосалқы станциясына танысу сапарларын жүзеге асыруда. Қосалқы станция өңірлерге электр энергиясын таратып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстанды Өзбекстан және Қырғызстанмен байланыстыратын 500 кВ әуе электр желілері арқылы мемлекетаралық транзитті қамтамасыз етеді. Оның аумағында әрқайсысының қуаты 500 МВт болатын 500/220 кВ екі автотрансформаторлық топ орналасқан.»

    IMG_8426.jpgЭКСКУРСИЯ НА ПС КЕГОК ПГУ ТУРКЕСТАН ВЛ 5000.jpg

    «БГҚ Түркістан» ЖШС инженерлерімен бірге Консорциум көшбасшысы — Doosan Enerbility компаниясының өкілдері де 500 кВ «Шымкент» қосалқы станциясына танысу сапарларына қатысуда. Энергонысан аумағына кірмес бұрын, қосалқы станция қызметкерлері қауіпсіздік техникасы бойынша толық нұсқаулық өткізеді. Бұл талап орындалмайынша нысанға кіруге рұқсат берілмейді.

    IMG_8453.jpg

    Сапар барысында инженерлер 500 кВ ашық тарату құрылғыларының , релейлік қорғау және автоматика жүйелерінің жұмысымен, сондай-ақ жоғары кернеулі жабдықты пайдалану және техникалық қызмет көрсету қағидаттарымен танысады. Себебі дәл осы қосалқы станция арқылы салынып жатқан «БГҚ Түркістан» бу-газ электр станциясы энергожүйеге интеграцияланатын болады. Қуат беру «кіру-шығу» сызбасы бойынша Л-5169 (Шымкент–Жамбыл) желісіне және қолданыстағы 220 кВ желілеріне жүзеге асырылады.

    ЭКСКУРСИЯ НА ПС КЕГОК ПГУ ТУРКЕСТАН ВЛ 500.jpgЭКСКУРСИЯ НА ПС КЕГОК ПГУ ТУРКЕСТАН ВЛ 500 ШЫМКЕНТ.jpg

    Зияда Шалбаева, «БГҚ Түркістан» ЖШС Сату және тариф қалыптастыру департаментінің жетекші инженері:
    «Алынған білім мен тәжірибе БГҚ  Түркістан  алаңындағы 220 және 500 кВ ашық тарату құрылғыларын тиімді іске асыруға, сонымен қатар қабылдаушы тараппен сыртқы электрмен жабдықтау сызбаларын келісіп, жан-жақты пысықтауға қолданылатын болады. Қосалқы станцияның техникалық ерекшеліктері мен пайдалану нюанстары жабдықты таңдау мен орнату кезінде міндетті түрде ескеріліп, станцияның энергожүйеге сенімді интеграциясын қамтамасыз етеді».

    Қайыржан Пірімтай, «БГҚ Түркістан» ЖШС Технологиялық жабдықты жинақтау департаментінің жетекші маманы:
    «Қосалқы станцияға бару бізге ерекше әсер қалдырды. Біз 500 кВ АТҚ-ның жұмыс принципімен, трансформаторлармен, ажыратқыштармен, релейлік қорғау жүйелерімен жан-жақты таныстық».

    IMG_8443.jpg

    1975 жылы пайдалануға берілген 500 кВ «Шымкент» қосалқы станциясы 32 гектар аумақта орналасқан және Түркістан облысының энергожүйесінде маңызды рөл атқарады. Танысу сапарлары — «БГҚ Түркістан» электр станциясын пайдалануға беруге және оны елдің энергожүйесіне сенімді түрде интеграциялауға дайындықтың маңызды кезеңі.

     
    Назад к списку
    Компания туралы
    Жобалар
    Жаңалықтар
    Бос жұмыс орындары
    Сатып алу
    Байланыс
    kz
    ru en
    kz
    +7 (7252) 92 17 50
    +7 (7252) 92 17 50
    E-mail
    info@ccgt.kz
    Адрес
    Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
    info@ccgt.kz
    Шымкент қ., Қонаев д. 17/5 
    © 2026 ТОО «ПГУ Туркестан»
    Создание сайта ТОО Maxioma