«БГҚ Түркістан» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Ілияс Алдажаров Түркістан облысы Сайрам ауданында орналасқан электр станциясының құрылыс алаңына жұмыс сапарымен барды.
Ілияс Алдажаров өңір үшін стратегиялық маңызы бар жобаның іске асырылу барысымен танысты. Айта кетерлігі, жобаның басты мақсаты — жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) энергияның біркелкі берілмеуі себебінен туындайтын қуат тұрақсыздығын теңестіру және елдің энергетикалық жүйесін тұрақтандыру болып табылады.

«БГҚ Түркістан» ЖШС басқарма басшысы Қуаныш Бектеміров атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ілияс Алдажаров негізгі нысандарды, соның ішінде бас ғимаратты, су дайындау қондырғысын, газ дайындау пунктін қарап шықты.
Сонымен қатар, шілде айының соңында құрылыс алаңына жеткізілген екі газ турбинасы орналасқан уақытша сақтау қоймасының (УСҚ) аумағындағы логистикалық процестерге ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Бақылау кеңесінің төрағасы Ілияс Алдажаров «БГҚ Түркістан» ЖШС басшылығына бірқатар тапсырмалар берді. Ол бекітілген мерзімдерді ұстану қажеттілігіне ерекше назар аударып, бас мердігерлердің жұмысты сапалы орындауының маңыздылығын атап өтті.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)