«БГҚ Түркістан» компаниясының Негізгі алаңына қосалқы бөлшектерімен бірге екінші газ турбинасы жеткізілді. Бұл — Түркістан облысында салынып жатқан электр станциясының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі. Siemens Energy компаниясының Германияда өндірілген бұл жабдығы күрделі логистикалық маршрут арқылы — теңіз және құрлық жолымен тасымалданды.
«БГҚ Түркістан» ЖШС Басқарма төрағасы Қуаныш Бектеміров жоғары технологиялы жабдықтар қабылданатын қойма аймағының инфрақұрылымы және логистикалық процесімен танысты. Аталған жабдықтар әлемнің түрлі елдерінен жеткізіледі. Кейбір маршруттардың ұзындығы 18 000 шақырымнан асады. Сонымен қатар, Басқарма төрағасы құрылыс алаңында Консорциумның Лидері әрі Бас мердігер Doosan Enerbility компаниясының кеңсесінде болды.
200 тоннадан асатын салмақтағы газ турбинасы аса ауыр және ірі габаритті жүктерге арналған арнайы модульді тіркемелермен тасымалданды. Бұған дейін нысанға алғашқы газ турбинасы жеткізілген болатын. Жалпы қуаттылығы 1000 МВт болатын бұл электр станциясы екі энергия блогынан тұрады.
Әрбір блок құрамына:
• екі газ турбинасы,
• бір бу турбинасы,
• үш генератор
• Екі қалдық жылу қазандықтары
«Маневрлік режимде электр энергиясын өндіретін қуаты 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы негізінде электр станциясын салу» жобасы ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр және еліміздің оңтүстік өңірі үшін стратегиялық маңызы бар.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)