БГҚ кәдеге-жарату қазандарының жабдықтарына сынақтар жүргізілді
"Түркістан БГҚ" компаниясы Түркістан облысында қуаты 1000 МВт дейінгі бу-газ қондырғысы базасында электр станциясын салу жобасын іске асыруды жалғастыруда.
Инженерлер зауытқа тексеру жүргізілді, онда Nooter-Eriksen кәдеге-жарату қазандарының жабдықтары шығарылады. Атап айтқанда, кәдеге-жарату қазандығының модулі мен кәдеге-жарату қазандығының жоғары қысымды барабанына гидростатикалық сынақтар жүргізілді.
Гидростатикалық сынақтар инженерлерге жоғары қысымда жұмыс істейтін кәдеге-жарату қазандығының компоненттерінгерметикалық, беріктік және сенімділік тұрғысынан тексеруге мүмкіндік береді. Электр станциясы құрылғыларының элементтерін сынау олардың техникалық және пайдалану талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетті.
«Кәдеге-жарату қазандығы құрамдас бөліктерінің жоспарланған гидростатикалық сынақтары сәтті өтті, бұл модуль мен жоғары қысымды барабанның техникалық және пайдалану талаптарына сәйкестігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Ал сынақтар барысында қандай да бір ауытқулардың немесе ақаулардың болмауы жоғары сапалы дайындықты және жобалық шешімдердің дұрыстығын растайды», - деп атап өтті «Түркістан БГҚ» ЖШС пайдалануға дайындық департаментінің директоры Серік Үсенов.
Сынақ аяқталғаннан кейін зауыттарда кәдеге-жарату қазандарының қалған элементтерін өндіру және сынау жалғасуда.
Кестеге сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін құрылыс алаңына кәдеге-жарату қазандарының сегіз модулін жеткізу жоспарлануда.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)