Аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыру
«БГҚ Түркістан» ЖШС үшін аудиттік қызметтер көрсету
2025 жыл 20 маусым
«БГҚ Түркістан» ЖШС-сі (бұдан әрі – Тапсрыс беруші) «Самрук-Қазына Ұлттық әл-ауқат қорының» акционерлік қоғамдары мен елу және одан да көп пайыз дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) «Самрұқ-Қазына» АҚ меншігінде немесе сенімді басқаруда болған жағдайда, сатып алу тәртібінің (бұдан әрі – Тәртіп) 13-қосымшасына сәйкес, қаржылық есептілікті аудиттеу қызметтерін көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін өткізетінін хабарлайды, келесі көлемде және келесі шарттарда:
Қаржылық есеп беру аудитін жүргізу бойынша қызмет көрсететін аудиторлық ұйымды таңдау тәртібі туралы хабарландыру
1. Тапсырыс беруші мен мекенжайы:
«БГҚ Түркістан» ЖШС-сі, нақты мекенжайы: Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы, 23А, 2-қабат, электрондық пошта: info@ccgt.kz.
2. Сатып алынатын аудит және қосымша қызметтердің қысқаша сипаттамасы:
- 2025 жылдың 31 желтоқсанына және одан өткен жылға арналған Тапсрыс берушінің қаржылық есептілігін аудиторлық қызмет көрсету.
- 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігін, тәуелсіз аудитормен шолу туралы есепті беру;
- 2026 жылдың 31 желтоқсанына және одан өткен жылға арналған Тапсрыс берушінің қаржылық есептілігін аудиторлық қызмет көрсету.
- 2027 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігін, тәуелсіз аудитормен шолу туралы есепті беру;
- 2027 жылдың 31 желтоқсанына және одан өткен жылға арналған Тапсрыс берушінің қаржылық есептілігін аудиторлық қызмет көрсету.
3. Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігін аудиторлық қызметтерін сатып алу үшін бөлінген сома:
|
Аудит жүргізілетін кезең |
Бағасы, теңге, (ҚҚС ті қоспаған жағдайда) |
Бағасы, теңге, (ҚҚС ті қосқан жағдайда) |
|
2025 жыл |
21 125 000 |
23 660 000 |
|
2026жылдың бірінші жартыжылдығы |
39 009 400 |
43 690 528 |
|
2026 жыл |
||
|
2027жылдың бірінші жартыжылдығы |
40 959 870 |
45 875 054,40 |
|
2027 жыл |
||
|
Итого |
101 094 270 |
113 225 582,40 |
4. Сатып алынатын аудит және қосымша қызметтердің толық сипаттамасы «Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға өтінім» (бұдан әрі – Өтінім) құжатында көрсетілген, ол қатысушылардың ресми сұрауы бойынша беріледі.
5. Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға өтінімнің көшірмелерін әлеуетті қатысушылардың уәкілетті өкілдері электронды түрде (sh.kassymova@ccgt.kz және a.tulegenov@ccgt.kz электрондық поштасына хабарласып) немесе қағаз нұсқада: Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы, 23А, 2-қабат, Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінен ала алады.
6. Қатысушылардың ресми ұсыныстары Тапсырыс берушіге мөрленген конвертте ұсынылады және құжаттарды қабылдау актісімен: Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы, 23А, 2-қабат, Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінде қабылданады. Ресми ұсынысты әлеуетті қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қолмен тапсыратын болса, олар, әлеуетті қатысушының ресми ұсынысты беру құқықтарын куәландыратын сенімхат және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуы қажет.
7. Ресми конкурс ұсыныстарының қабылдану мерзімдері:
Басталу мерзімі: 2025 жыл 23 маусым, сағат 09:00.
Аяқталу мерзімі: 2025 жыл 23 шілде, сағат 18:00.
![ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ] ТОО «ПГУ Туркестан» [KZ]](/upload/CAllcorp3/3b3/qa5faean8ipo8cwwrxrhq0clxz2ljgco.png)